|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі № 1235 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 653 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі № 1235 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 33, 433-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесінде: 2-тармақтың бірінші абзацында», Қазақстан Республикасы Парламенті екі палатасының депутаттарынан» деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Аттестация тестілеу өткізу жолымен үміткерлердің қолданыстағы заңнаманы білуін тексеруден тұрады.»; 4-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.»; 16-тармақтың үшінші абзацында және 18-тармақта «және әңгімелесуге жіберілмейді», «және әңгімелесуге жіберіледі» деген сөздер алынып тасталсын; 19-тармақ алынып тасталсын; 20-тармақта «және (немесе) әңгімелесу» деген сөздер алынып тасталсын; 22-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |