Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі Келісім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 14 қарашадағы № 355-II Заңына сәйкес бекітілді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Tүpік Республикасының Үкіметі (бұдан әрi Тараптар деп аталатын), екi мемлекет арасындағы достық байланыстарға негiзделе отырып, екі мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк ынтымақтастығын дамыту мақсатында, техникалық әрiптестiк ынтымақтастығы жолымен қатынастарды тереңдетуге тiлек бiлдiре отырып, төмендегiлер туралы келiстi: 1. Тараптар өз мемлекеттерiнiң экономикалық және әлеуметтiк дамуына жәрдем көрсету мақсатында ынтымақтастықты жүзеге асырады. 2. Осы Келісім Тараптар арасындағы техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырудың жалпы ережелерiн айқындайды. Тараптар техникалық ынтымақтастықтың жекелеген жобалары бойынша (бұдан әрi "жобалық келісімдер" деп аталатын) қосымша келісімдер жасасуы мүмкiн. Жобалық келісімдерде, атап айтқанда, жобаның мақсатын, Тараптардың мiндеттемелерiн, қатысушылардың мiндеттерi мен ұйымдық мәртебесiн, сондай-ақ жобаның орындалу кестесi қамтылған бiрлескен тұжырымдама тiркеледi. 3. Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі, Түрiк Тарапынан - Түрiк Республикасы Үкіметінiң Бағдарламаларды үйлестiру кеңсесi (БҮК), осы Келісім шеңберiнде әзiрленетiн ынтымақтастық бағдарламасын үйлестiредi. 4. БҮК Түркия iшiнде, әрi одан тысқары жерлерде де икемдi құрылымы мен үйлестiрушілік жұмысы арқасында техникалық көмек процестерiн ұтқыр басқаратын, Түрiк Республикасы Үкіметінiң желісі бойынша жұмыс iстейтiн дербес ұйым болып табылады. БYК-тiң негiзгi мақсаты - дамушы елдерге көмектесу. БҮК мiндеттерiне экономика, технология, инфрақұрылым, мәдениет және білім салаларында жоғарыда аталған елдермен ынтымақтастықты дамытуда бағдарламалар мен жобалар әзiрлеу, сондай-ақ дамушы елдерге көмек көрсету процестерiн басқару кiредi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|