|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 169-құжат; № 15-16, 224-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 1, 2-құжат): мынадай мазмұндағы 5-2-баппен толықтырылсын: "5-2-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 498-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.". 2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат): 498-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын. 2-бап. 1. Осы Заңның 1-бабының 1-тармағы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 2. Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |