|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мүгедектерді әлеуметтік 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізiлсін: 1. "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1991 ж., № 26, 345-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінiң Жаршысы, 1994 ж., № 9-10, 158-құжат; № 15, 208-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат, № 12, 184-құжат; № 17-18, 219-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; 2001 ж., № 1, 4-құжат; № 13-14, 173-құжат): 1) 22-баптың төртінші бөлiгінде "медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссияларының" деген сөздер "халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 29-баптың екінші бөлiгiнде "медициналық-әлеуметтік сараптаманың" деген сөздер "халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесінiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 46-бапта "медициналық-әлеуметтік сараптама (дәрігерлiк-еңбек сараптама комиссиялары, мамандандырылған сараптама қызметтері, дәрігерлік-консультациялық комиссиялар)" деген сөздер "халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi, мамандандырылған сараптама қызметтерi, дәрiгерлiк-консультациялық комиссиялары" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 2, 28-құжат; 1995 ж., № 8, 56-құжат, № 22, 135-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 56-құжат; № 13-14, 173-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 жылғы 8 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2002 жылғы 7 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қарулы Күштердi реформалау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 28-баптың 5-тармағының бiрiншi бөлiгiнде "Дәрiгерлiк-еңбек сараптама комиссиялары" деген сөздер "Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерi" деген сөздермен ауыстырылсын. 3. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат): 1) 118-баптың 1-тармағының 7) тармақшасында "Дәрiгерлiк-әлеуметтiк сараптама комиссиясының (ДӘСК)" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 120-баптың 4) тармақшасында "Дәрiгерлiк-әлеуметтiк сараптама комиссиясының қорытындысы бойынша (ДӘСК)" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң қорытындысы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын. 4. "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 10, 109-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 24, 434-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат, № 23, 927-құжат): 1) 39-баптың он бiрiншi абзацында "медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссияларымен," деген сөздер алып тасталсын; 2) 71-бапта: 1-тармақта "Медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы (МӘСК)" деген сөздер "халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшелері" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта "Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік актілеріне сәйкес мемлекеттік уәкілетті орган белгілейді" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық атқарушы органмен келісе отырып белгілейді" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта "Медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының" деген сөздер "халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің" деген сөздермен ауыстырылсын. 5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат): 1) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын: "9-бап. Мүгедектік топтары Тіршілік ету әрекетінің шектелу, оның ішінде еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесіне қарай мүгедектік үш топқа бөлінеді. Мүгедектіктің себептерін, топтарын, еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесін, сондай-ақ мүгедек болған уақытты халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшелері анықтайды. Мүгедектікті куәландыру тәртібін, оның себептерін, топтарын және еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесін анықтауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық атқарушы органмен келісе отырып белгілейді."; 2) 10-баптың 1 және 3-тармақтарында "МӘСК белгілеген", "МӘСК-ке", "егер МӘСК" деген сөздер тиісінше "халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі белгілеген", "халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесіне", "егер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 11-бапта: 1) тармақшада ", бала кезiнен" және "оның iшiнде" деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: "1-1) бала кезiнен мүгедектер;"; 4) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын: "12-бап. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақының мөлшерi 1. Осы Заңның 11-бабының 1), 1-1) және 3) тармақшаларында аталған мүгедектерге мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы: I топтағы мүгедектерге - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн 7 айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi айлық есептiк көрсеткiш); II топтағы мүгедектерге - 4,5 айлық есептiк көрсеткiш; III топтағы мүгедектерге - 3 айлық есептiк көрсеткiш; 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға - 4 айлық есептiк көрсеткiш; бала кезiнен I топтағы мүгедектерге - 7 айлық есептiк көрсеткiш; бала кезiнен II топтағы мүгедектерге - 5 айлық есептiк көрсеткiш; бала кезiнен III топтағы мүгедектерге - 4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тағайындалады. 2. Осы Заңның 11-бабының 2) және 5) тармақшаларында аталған мүгедектерге мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы: I топтағы мүгедектерге - 9 айлық есептiк көрсеткiш; II топтағы мүгедектерге - 6,5 айлық есептiк көрсеткiш; III топтағы мүгедектерге - 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тағайындалады. 3. Осы Заңның 11-бабының 4) тармақшасында аталған мүгедектерге мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы: I топтағы мүгедектерге - 16 айлық есептiк көрсеткiш; II топтағы мүгедектерге - 10,5 айлық есептiк көрсеткiш; III топтағы мүгедектерге - 7 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тағайындалады. 4. Жұмыс iстейтiн жәрдемақы алушыларға мүгедектiгi бойынша жәрдемақы толық мөлшерiнде төленедi. 5. Егер Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан және жинақтаушы зейнетақы қорларынан берiлетiн жиынтық зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi мүгедектердiң тиiстi санаттары үшiн белгiленген мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы мөлшерiнен кем болса, жәрдемақы төлеу зейнетақы төлемдерiне мүгедектердiң сол санаты үшiн белгiленген жәрдемақы мөлшерiне дейiн жеткiзiлген тиiстi қосымша төлемдер түрiнде жүргiзiледi.". 6. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат): 6-баптың 4-тармағында: бiрiншi бөлiкте "медициналық-әлеуметтiк сараптама (бұдан әрi - МӘС) мәселелерi бойынша уәкiлеттi органға" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiне" деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi бөлiкте "МӘС" деген сөз "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi" деген сөздермен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |