«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңынаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 341-құжат; 2001 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 285-құжат; № 24, 338-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. Кіріспедегі», сондай-ақ өзінің тарихи отанына қайтып оралатын адамдар мен отбасылар үшін жаңа жерде қажетті тіршілік жағдайларын жасауды» деген сөздер», сондай-ақ оралмандар үшін жерде қажетті тіршілік жағдайларын жасауды» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) босқындар - саяси сенімдері, нәсілдік, діни наным, азаматтық, ұлттық белгілері, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін екендігінің негізделген қаупі төнуі себепті өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұруға мәжбүр болған және осындай қауіп салдарынан өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе қорғауын пайдаланғысы келмейтін шетелдіктер немесе осындай қауіп салдарынан өзінің бұрынғы кәдуілгі тұрғылықты елінен тыс жерде тұрып жатқан, оған қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ адамдар; 2) ішкі көші-қон - жеке адамдардың Қазақстан Республикасының ішінде қоныс орнын тұрақты немесе уақытша, сондай-ақ маусымдық ауыстыруы; 3) көшіп келушілер - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұруға келген шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар; 4) көшіп келу - шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі; 5) көшіп келу квотасы - жыл сайын Қазақстан Республикасы аумағына қоныс аударуға рұқсат берілетін көшіп келушілерді сан жағынан шектеу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|