|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 қазандағы № 1371 және
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 1122 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасы Көшi-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 қазандағы № 1371 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 480-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көшi-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасында: "6. Қазақстан Республикасы Көшi-қон саясатының салалық бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың 2001-2005 жылдарға арналған жоспары" деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 1.1.6.-жол алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 30 қазандағы № 1380 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 485-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасында: "6. Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 1.1. және 1.6.-жолдар алынып тасталсын; реттiк нөмiрi 6.6.-жолда: "ереженi" деген сөз "тәртiптi" деген сөзбен ауыстырылсын; "Орындалу мерзімі" деген 4-бағанда "2001 ж. желтоқсан" деген сөздер "2002 ж. маусым" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |