Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі № 416 бұйрығы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық Кодексін) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналардан басқа кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын: Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшiн салық салудың жеңiлдетiлген режимi туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 21 мамыр № 535 бұйрығымен бекітілген Нұсқаулыққа 10-қосымша Кірістер және шығыстарды есептеу Кітабы, 11-қосымша Кірістер және шығыстар есебi Кiтабын жүргiзе отыра кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшiн кiрiстер және шығыстар есебi Кiтабын толтыру бойынша Нұсқау, 13-қосымша Бір жолғы талон; 2003 жылдың 1 қаңтарынан күшін жоятын Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 2 ақпандағы № 117 бұйрығымен бекітілген Нұсқаулықтың 7-тарауының 52-тармағының 17), 20) және 23)-тармақшалары; 2004 жылдың 1 қаңтарынан күшін жоятын Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 2 ақпандағы № 117 бұйрығымен бекітілген Нұсқаулықтың 7-тарауының 52-тармағының 18)-тармақшасы мен 11-1-тарауы. 2. Әдістеме департаменті (Н.Д. Үсенова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің назарына және бұйрықтың қосымшасында саналанған бұрын жарияланған ресми басылымда бір апталық мерзімде жеткізсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|