Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң бiлім беру ҚР Үкіметінің 31.07.03 ж. № 766 қаулысымен бекітілдi Осы Келісімге қатысушы мемлекеттердiң Үкiметтерi, бұдан әрi Тараптар, 1992 жылғы 15 мамырдағы Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің ережелерiн және 1997 жылғы 17 қаңтардағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының бірыңғай (ортақ) білім беру кеңiстiгiн қалыптастыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімдi басшылыққа ала отырып, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы білiм беру саласындағы тығыз байланысты ескере отырып, білім беру сапасын қамтамасыз ету үшiн бірыңғай көзқарастарды қалыптастыруда және білім беру сапасын қамтамасыз етудің мемлекетаралық жүйесiн жасауда Тараптардың өзара іс-қимылының қажеттілігін тани отырып, төмендегiлер туралы келiстi: Тараптар білім беру сапасын қамтамасыз етудің бірыңғай талаптарын белгiлеу үшiн шараларды қабылдайды және білім беру қызметiн лицензиялау, білім беру мекемелерiн аттестаттау және аккредиттеу саласындағы келісілген қағидаттарды ұстанады. Тараптар сапалы білім берудi қамтамасыз етуде бірыңғай талаптарды белгiлеу мақсатында: білім беру қызметiн лицензиялау, білім беру мекемелерiн аттестаттау және аккредиттеу саласындағы ұлттық заңнаманы және өзге де нормативтік кесімдердi жақындастыруға қатысты шараларды қабылдайды; Тараптар мемлекеттерiнің бiлім беру қызметiн лицензиялау, білім беру мекемелерiн аттестаттау және аккредиттеу саласындағы өзара iс-қимыл мәселелерi жөніндегі қажеттi нормативтiк құқықтық базаны қалыптастырады. Тараптар білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі білім беру мекемелерiне білім беру қызметiн лицензиялауды жүргiзуге, білім беру мекемелерiн аттестаттау және аккредиттеуге қойылатын талаптарды әзiрлеу кезiнде, сондай-ақ аккредиттелiнген білім беру мекемелерiнiң (аккредиттеу рәсiмдерiн жүргiзу заңнамаларында көзделмеген мемлекеттер үшiн аттестатталған) деректер банкін құру кезінде өзара iс-қимыл жасайды. Тараптар ұлттық заңнамаға сәйкес: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|