Швейцария Конфедерациясының вице-президенті, Федералдық экономика Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясының арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және Швейцария Конфедерациясының вице-президенті, Федералдық экономика кеңесшісі Паскаль Кушпеннің 2002 жылғы 2-6 мамыр кезеңінде Қазақстан Республикасына ресми сапарына дайындық және оны өткізу жөнінде Астана және Алматы қалаларында протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарымен және мүдделі ұйымдармен (келісім бойынша) бірлесіп Швейцария Конфедерациясының вице-президенті, Федералдық экономика кеңесшісі Паскаль Кушпеннің 2002 жылғы 2-6 мамыр кезеңінде Қазақстан Республикасына ресми сапарына (бұдан әрі - сапар) дайындық және оны өткізу жөнінде Астана және Алматы қалаларында протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын (қосымшаға сәйкес) Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 16 шілдедегі № 173 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік протоколына сәйкес қамтамасыз етсін. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша): Швейцария Конфедерациясы ресми делегациясының мүшелерін орналастыру, тамақтандыру және көліктік қызмет көрсету жөніндегі қажетті шараларды (қосымшаға сәйкес) қабылдасын; 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебінен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды (қосымшаның барлық тармақтары бойынша) қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|