Қазақстан Республикасының ?кіметi мен Польша Республикасының ?кіметi ҚР Үкіметінің 2005.15.03. № 232 қаулысымен бекітілді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының ?кіметi мен Польша Республикасының ?кіметi: екi мемлекет арасындағы достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға ұмтыла отырып, өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарын құрмет тұта отырып және теңдiк, өзара сыйластық пен екi жаққа да пайдалы қағидаттарды басшылыққа ала отырып, ұйымдасқан қылмыс пен қылмыстардың басқа да түрлерiнiң таралуына алаңдаушылық бiлдiре отырып, ұйымдасқан қылмыстың және қылмыстардың өзге де түрлерiнiң тиiмдi алдын алу және оларға қарсы күрес үшiн құқық қорғау органдарының ынтымақтастығының мәнi зор екендiгiне көз жеткiзе отырып, осы органдардың жедел жұмысы мен алдын алу iс-қимылдарының оңтайлы қағидаттарын, нысандарын және тәсiлдерiн әзiрлеуге ұмтыла отырып, төмендегiлер туралы келiстi: 1. Тараптар ұйымдасқан қылмыстың және қылмыстардың өзге де түрлерiнiң алдын алу бойынша, оларға қарсы күресте және мынадай қылмыс түрлерiн жасаған кiнәлi адамдарды анықтау кезiнде ынтымақтасуға мiндеттенедi: 1) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы; 2) меншiкке қарсы; 3) есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды дайындауға арналған өсiмдiктердi заңсыз өсiру, осындай құралдар мен прекурсорларды өндiру, оларды заңсыз өңдеу, тасымалдау және олардың айналымы; 4) терроршылдық және адамдарды кепiлдiкке алу; 5) қоныс аударушыларды заңсыз әкелу, адамдарды саудаға салу және оларды жезөкшелiкке мәжбүрлеу; 6) порнографиялық сипаттағы мәтiндердi, фотосуреттердi немесе басқа да материалдарды дайындау; 7) қарулардың, оқ-дәрiлердiң, жарылғыш және басқа да қауiптi заттардың, ядролық және радиоактивтiк материалдардың заңсыз дайындалуы мен айналымы; 8) өнер туындылары мен мәдени мұраларды ұрлау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|