Инновациялық қызмет туралы
2006 жылғы 23 наурыздағы № 135 -III ҚР Заңымен күші жойылды
Осы Заң инновациялық қызмет саласындағы қатынастарды реттейдi, мемлекеттік инновациялық саясатты iске асырудың негiз болатын принциптерiн, бағыттары мен нысандарын айқындайды. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) мемлекеттік инновациялық саясат - әлеуметтiк-экономикалық саясаттың инновациялық қызметтi дамыту мен ынталандыруға бағытталған құрамдас бөлiгi; 2) инновациялық қызмет - нәтижелерi экономикалық өсу мен бәсекелестiк қабiлеттiлігі үшiн пайдаланылатын, өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми білімдердi, технологиялар мен өнiм түрлерiн енгізуге бағытталған қызмет; 3) инновация - инновациялық қызметтiң жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет), жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процесс түрiнде iске асырылған нәтижесi, сондай-ақ қоғамдық қатынастың әртүрлi саласында өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына прогрессивтi ықпал ететiн ұйымдық-техникалық, қаржы-экономикалық және басқа да шешiмдер; 4) инновациялық бағдарлама - бiрыңғай мақсатпен, мiндеттермен, объектiмен немесе аумақпен бiрiктiрілген, ресурстары, орындаушылары мен iске асыру мерзiмдерi бойынша келісілген инновациялық жобалар мен iс-шаралар кешенi; 5) инновациялық жоба - инновацияға қол жеткізуге бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжiрибе-конструкторлық, маркетингтiк зерттеулер мен жұмыстар кешенiн жүргiзу жоспарынан, сондай-ақ техникалық-экономикалық көрсеткiштерден тұратын құжат; 6) инновациялық инфрақұрылым - инновациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететiн ұйымдар жиынтығы; 7) уәкiлеттi орган - берiлген өкiлеттiк шегiнде инновациялық қызмет саласындағы басшылық пен мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|