Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелерi жөнiнде (2005.15.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 3 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелерi жөнiнде тексеру ұйымдастыру және жүргiзу тәртібін белгiлейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелерi жөнiнде тексеру ұйымдастыру және жүргiзу ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiледi. 3. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.): 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеу шараларын қолдансын; 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және уәкiлеттi банктерге жiберсiн. 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары Валюталық реттеу және бақылау басқармасынан алған күннен бастап төрт күндiк мерзiмде осы қаулыны банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдарға және бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қолма-қол шетелдiк валютаға қызмет көрсетуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар тұлғаларға жiберсiн. 5. Халықаралық қатынас және жұртшылықпен байланыс басқармасы (Мартюшев Ю.А.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын болсын. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|