|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу (2006.29.06. берілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың алдын алу және оларға бақылау жасау жөніндегі 1999-2002 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 наурыздағы № 193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 7, 55-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың алдын алу және оған бақылау жасау жөніндегі 1999-2002 жылдарға арналған бағдарламада: "ЖЖБА-ның таралуының алдын алу жөніндегі iс-шаралар" 3-бөлiмiнiң реттiк нөмiрi 3.1.5-жолы алынып тасталсын; 2) ҚР Үкіметінің 2006.29.06. № 600 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3) "Қазақстан Республикасындағы адамгершiлiк-жыныстық тәрбие жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 қарашадағы № 1500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 40, 517-құжат): 2-тармақ алынып тасталсын. 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1705 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 47-48, 560-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |