|
|
|
Республикалық микроорганизмдер коллекциясы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп: 1) өнеркәсiптiк және патогендiк микроорганизмдердiң ақпараттық дерекқорын есепке алу мен бақылауды, қалыптастыру мен жандандыруды қамтитын Қазақстан Республикасындағы микробиологиялық мониторинг пен биологиялық қауiпсiздiк жүйесiн және биологиялық ластанулардың әсер ету зардаптарының алдын алу, оқшаулау және жою жөніндегі ұйымдастыру-әдiстемелiк iс-шаралардың кешенiн құрсын; 2) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасындағы микробиологиялық мониторинг ережесін әзiрлесiн және бекiтсiн; 3) өнеркәсiптiк микроорганизмдердiң депоненттелген штаммдары мен аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштарының қатаң есебiн және дұрыс сақталуын қамтамасыз етсiн; 4) материалдардың биоластануына күмәндi инфекциялардың күдiк туғызатын көздерiн уақтылы және біліктi зерттеулердiң стандартты әдiстерiн әзiрлесiн және бекiтсiн; 5) өнеркәсiптiк микроорганизмдер мен аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштарының бiрыңғай ақпараттық дерекқорын құрсын. ҚР Үкіметінің 10.12.03 ж. № 1257; 05.05.04 ж. № 502 ; 2007.22.05. № 409 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен; 2013.04.02. № 82 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Мыналар республикалық микроорганизмдер коллекциясының функцияларын жүзеге асыратын органдар болып белгiленсiн: өнеркәсiптiк микроорганизмдер бойынша - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Республикалық микроорганизмдер коллекциясы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны; аса қауіпті инфекциялар қоздырғыштары бойынша - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық жұқпалар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.04.02. № 82 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Масғүт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық жұқпалар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны аса қауіпті инфекциялар қоздырғыштарының депозитарийлері болып белгіленсін. Өнеркәсiптiк микроорганизмдердiң депозитарийлерi болып Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қазақ тамақ өнеркәсiбi ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Қазақстан Республикасының Биотехнология жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны белгiленсiн. 4. «Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн: көрсетiлген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 20-жолмен толықтырылсын: «20. Аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштары мен өнеркәсiптiк микроорганизмдер коллекциясы және депозитарийлерi». 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |