|
|
|
"Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттiк" ашық Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді: 1. "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттiк" ашық акционерлік қоғамы жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "Қаржылық берешектермен жұмыс жөніндегi орталық" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қоғам қызметiнiң негізгі мәні салық берешегiнiң есебіне салық төлеушiнiң билiк етуi шектелген мүлкiн, сондай-ақ жекелеген негiздемелер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi сатуға байланысты iс-шараларды жүргiзу болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiріс министрлігі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Қоғамның жарғысын бекiтсін және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыны iске асыру үшiн қажеттi өзге де шараларды қабылдасын. 4. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 23 қарашадағы № 1508 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiріс министрлігiнiң Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетi туралы (бұдан әрi - Комитет) ереже бекiтілсiн." 2) 3-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын; 3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетi туралы ережеде: 3-тармақтың төртiншi абзацындағы "табылмайтын" деген сөз "табылатын" деген сөзбен ауыстырылсын. 5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі бiр ай мерзiмде Үкiметтiң бұрын қабылданған кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн. 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |