Жоба "Бурабай-Көкшетау-Петропавл" автожолының техника-экономикалық Келісім жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 6 маусымдағы № 610 қаулысына сәйкес мақұлданды Келісім Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрi "Үкіметі" деп аталады) мен Ислам Даму Банкi (бұдан әрi "Банк" деп аталады) арасында 2002 жылғы ___ __________ жасалды. Осы Келісімнiң 1-қосымшасында сипатталған Бурабай-Көкшетау-Петропавл автожолының Техника-экономикалық негiздемесiн және Алдын ала жобасын дайындауды қаржыландыру үшін Үкiмет Банктен Техникалық көмек сұрағанын ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, (бұдан әрі "Зерттеулер" деп аталады); Төменде анықталған шарттардың негiзiнде Банктiң Техникалық көмек беруге келiскенiн ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП; ОСЫЛАЙША, осымен тараптар төмендегiлер туралы уағдаласты: Гранттың сомасы Банк Үкiметке Банктiң Уакф қоры қаражатынан Техникалық көмек грантын 182756 (Жүз сексен екi мың жетi жүз елу алты) Ислам динарынан аспайтын, шамамен 232100 (Екi жүз отыз екi мың бір жүз) АҚШ долларына тең сомада бередi. Грант қаражатын төлеу және пайдалану 2.01-бөлiм Грант сомасы Банктiң Төлем рәсiмдерiне сәйкес төленетiн болады. 2.02-бөлiм Грант қаражаты тек Зерттеулердiң құнын жабу үшiн пайдаланылатын болады. 2.03-бөлiм. Бiрiншi төлеуге арналған өтiнiмнiң күнi Егер ?кімет пен Банк арасында келісілген 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiн немесе одан кейiнгi мерзiмде ?кімет Банкке бiрiншi төлем жасауға арналған өтiнiмдi бермесе, Банк Үкiметке тиiстi хабарламаны бергеннен кейiн осы Келісімдi бұза алады. 2.04-бөлiм. Жабу күнi Егер Гранттың кез келген бөлiгi Yкімет пен Банктiң арасында келісілген 2004 жылғы 31 желтоқсанға дейiн немесе кез келген одан кейiнгі кезеңде төленбесе, Банк Үкіметпен консультациялар жүргiзгеннен кейiн Гранттың төленбеген бөлiгiн жоя алады. Зерттеулер жүргізу 3.01-бөлiм Зерттеулер үшiн атқарушы агенттік Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі болып табылады. 3.02-бөлiм Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|