Жоба "Электронды құжат және электронды сандық қол қою" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 16 тамыздағы № 908 қаулысына сәйкес Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгізілді Осы Заң электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған электрондық құжаттарды жасау мен пайдалануда, сондай-ақ азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауды қоса алғанда, электрондық құжаттар айналымы саласында туындаған құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттеуге бағытталған. Осы Заңның күшi электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған және құқықтық қатынастарды белгiлеудi, өзгертудi немесе тоқтатуды көздейтiн электрондық құжаттарға ғана қолданылады. 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Негiзгi ұғымдар Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай негiзгі ұғымдар қолданылады: 1) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған әрi электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгi мен мазмұнының өзгерместігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жинағы; 2) электрондық құжат - электронды-цифрлық нысанда берiлген және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған ақпарат; 3) тiркеу куәлігінiң иесi - өз атына тiркеу куәлігі берiлген, тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ашық кiлтке сәйкес жабық кiлттi заңды иеленушi тұлға; 4) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтi - тiркеу куәлігінің иесiне белгiлi және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық цифрлық символдардың қайталанбас бiрiздiлігі; 5) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кiлтi - кез келген тұлғаның қолы жетiмдi және электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалылығын растауға арналған электрондық цифрлық символдардың қайталанбас бiрiзділігi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|