жоба Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуі мен Заңның жобасы ҚР Үкіметінің 2002 ж. 19 қыркүйектегі № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлді 1-тарау. Жалпы ережелер Осы Заң Қазақстан Республикасында темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi. 1-бап. Осы Заңда қолданылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар қолданылады: 1) деректердiң бiрыңғай қоры - темекi өнiмдерiн өндiру мен айналымы бойынша деректердiң электрондық қоры; 2) акциздiк алым маркалары - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өнiмнiң бiрлігіне түсiрiлетiн голографиялық жолағы бар марка; 3) темекi өнiмдерiн өндiру мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлетті орган (бұдан әрi - уәкiлетті орган) - темекi өнiмдерiнiң өндірiлуi мен айналымын мемлекеттік бақылау және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 4) темекi өнiмдерiнiң айналымы - темекi өнiмдерiн экспорттау, импорттау, сақтау, көтерме және бөлшек сату; 5) темекi өнiмдерiн көтерме сату - тасымалдаушылардың көлiктiк жүкқұжаттар бойынша ары қарай сату үшiн қойма жайларынан темекi өнiмдерiн жөнелтуi; 6) павильон - тез тұрғызылатын конструкциялардан жасалған жиналмалы-құрастырмалы уақытша жай; 7) өндiрiс төлқұжаты - темекi өнiмiн өндiрушiнiң өндiрiс қуаттылығының көрсеткiштерiн, өндiрiстiң технологиялық процесiн сақтау үшiн қолда бар жабдықтарды пайдалануды, өндiрiс және еңбек шарттарын реттейтiн оның негiзгі сипаттамасын, үй-жайдың нормативтiк талаптарға сәйкестiгiн, өндiрiстiк залалдар мен олардың сипаттамасы көрсеткiштерiн көрсететiн белгіленген үлгідегi құжат; 8) темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi - белгiленген ережелер мен стандарттарды сақтаумен темекi өнiмдерiн дайындау үшiн қажет технологиялық процестердiң жиынтығы; 9) темекi өнiмдерiнiң бөлшек саудасы - темекi өнiмдерiн түпкiлiктi тұтынушыға сату; 10) темекi өнiмдерi - никотинi бар фармацевтикалық өнiмдерден басқа құрамында темекi бар кез-келген өнiм; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|