Жоба Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Словения Республикасының Келісім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 26 қыркүйектегі № 1054 қаулысына сәйкес мақұлданды Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словения Республикасының Үкіметі (бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын), - теңдiкке және өзара тиiмдiлiкке негiзделген ұзақ мерзiмдi сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды және кеңейтудi ниет ете отырып; - осы келісім екi мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың берiк және үйлесiмді дамуы әрi сан алуандығы үшiн тиiстi және тұрақты негiз болып табылатынына сенiмдi бола отырып, төмендегілер туралы келiстi: 1-бап Уағдаласушы Тараптар екi ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың одан әрi дамуына жәрдем ететiн, қолдайтын және жылжытатын болады. Уағдаласушы Тараптар осы Келісімнiң ережелерiне және осы елдерде қолданылатын ұлттық заңнамаларға сәйкес екi мемлекеттiң жеке және заңды тұлғалары арасындағы экономикалық байланыстардың әртүрлi нысандарына ықпал ететiн, сондай-ақ өзара келісім арқылы осы ынтымақтастықтағы кез-келген кедергiлердi еңсеретiн болады. 2-бап 1. Уағдаласушы Тараптар бiр бiрiне өздерiнiң аумақтарынан шығатын тауарлар үшiн ұлттардың аса қолайлы режимiн ұсынатын болады. Бұл ереже экспорттан, импорттан алынатын және оларды алу тәсiлдерiндегі ұқсас сипаттағы кеден баждарына және басқа да төлемдерге қатысты, сондай-ақ экспорт пен импортқа қатысты барлық ережеге және ресмилiктерге қатысты қолданылатын болады. 2. Дегенмен, бiрiншi тармақтағы ережелер: а) Уағдаласушы Тараптар шекара өңiріндегі тасымалдарды жылжыту мақсатымен кез келген көршi мемлекетке ұсынған немесе ұсынатын басымдықтарға; б) Уағдаласушы Тараптар кеден одағы және/немесе еркiн сауда аймағы және/немесе аймақтық ықпалдастық жөніндегі халықаралық шарттар шеңберіндегі ынтымақтастық негiзiнде үшiншi бiр мемлекетке ұсынған немесе ұсынатын басымдықтарға қолданылмайды. 3-бап Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|