Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін ерекше жағдайларда пайдалану тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 маусымдағы № 969 қаулысына сәйкес және жек дуадақты 2002 жылы табиғаттан алуға биологиялық негіздемеге арналған 2002 жылғы 23 тамыздағы № 1-07-336а мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 1. Мыналарға: 1) шейх Халифа Бин Заидқа (Біріккен Араб Әмірліктері) шаруашылық қызметтің реттелетін режимі бар Кендірлі-Қаясан республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймағының аумағын қоса алғанда, Маңғыстау облысында 100 жек дуадақты; 2) шейх Сурур Бин Мүхаммадқа (Біріккен Араб Әмірліктері) Қарақтау жөне Арыс республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймағы (Оңтүстік Қазақстан облысы) шекараларының шегінде, шаруашылық қызметтің реттелетін режимі бар аумақтарда 80 жек дуадақты; 3) бекзада Абдель Азиз Бин Ахмед Бин Абдель-Азиз Әл Саудқа (Сауд Арабиясы Корольдігі) шаруашылық қызметтің реттелетін режимі бар Жусанды дала республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймағының аумағын қоса алғанда, Жамбыл және Алматы облыстарында 40 жек дуадақты 2002 жылғы 10 қазан - 30 қараша кезеңінде өз ителгілерімен аулауына рұқсат берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аңшылық шарушылығы комитеті: 1) белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген адамдарға жек дуадақтарды аулауға рұқсат берсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|