Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 2002 жылғы 18 қыркүйектегi Қазақстан кәсiпкерлерiнiң 10-форумында берген тапсырмаларын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары бекітілсiн.
P/c N | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындаушы | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Keйбір заңнамалық кесiмдерге кәсiпкерлер 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап өз қызметiн шағын бизнестi "көлеңкеден" барынша алып шығуға мүмкіндiк беретiн салық режимінде жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлiк субъектi- лерiне салық салу жүйесiн жетілдiруді көздейтiн өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Заң жобасы | Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қауымдастық (келісім бойынша) | 2002 жылғы қараша |
2. | 2003 жылғы 1 қаңтар - 1 қазанда шағын кәсiпкерлiк субъекті- лерiн барлық тексеруге мораторий жариялау | Мемлекеттік органдардың бұйрықтары | Мемлекеттік органдар | 2002 жылғы қараша |
3. | Бip pәсім шегінде заңды тұлғаларды тiркеу және есепке алу 10 күнге дейiнгi мерзімде жүзеге асырылатын мемлекеттік тiркеудi оңайлатуды және "бiр терезеден" қағидатын белгiлеуді көздейтін заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу | Заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық кесімдердің жобалары | Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі, Статистика жөніндегі агенттік | 2002 жылғы желтоқсан |
4. | Шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнiң меншiгін жария ету туралы Заң жобасын әзiрлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі | 2002 жылғы желтоқсан |
5. | Сертификаттау тәртібін және басқа да рұқсат беретін рәсімдерді оңтайландыру жөнінде шаралар қабылдау | Үкімет қаулысының жобасы | Индустрия және сауда министрлігі, бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырушы мемлекеттік органдар | 2002 жылғы желтоқсан |
6. | Қазақстанның индустриалдық саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу | Үкіметке ұсыныстар | Индустрия және сауда министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қаржы министрлігі | 2002 жылғы желтоқсан |
7. | Мемлекеттік инвестициялық қор құруды қамтамасыз ету | Нормативтік құқықтық кесімнің жобасы | Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қаржы министрлігі, Ұлттық Банк (келісім бойынша), Индустрия және сауда министрлігі | 2002 жылғы желтоқсан |
8. | Жергiлiктi атқарушы органдардың шағын бизнестi дамытудағы рөлiн күшейту бөлігінде мемлекеттік органдардың құзыретін қайта қарау | Нормативтік құқықтық кесімнің жобасы | Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия, орталық және жергілікті атқарушы органдар | 2002 жылғы желтоқсан |
9. | Шет елдердiң тәжiрибесiн ескере отырып, заңнамалық кесiм деңгейiнде сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметiн регламенттеу | Заң жобасы | Индустрия және сауда министрлігі, Әділет министрлігі Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі | 2002 жылғы желтоқсан |
10. | Кәсiпкерлердің қоғамдық ұйымдарының рөлін арттыру және облыстарда кәсіпкерлер кеңесінiң қызметiн жандандыру жөнінде жұмыс жүргiзу | Әкімдердің шешімі | Индустрия және сауда министрлігі, облыстардың, Алматы және Астана қалалары- ның әкімдері | 2002 жылғы желтоқсан |
11. | 2003 жылы Кәсіпкерлер форумын өткізуге материалдар дайындау | Президент Әкімшілі- гіне ақпарат | Индустрия және сауда министрлігі | 2003 жылғы қыркүйек |
12. | Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының өзге де әкiмшiлiк- аумақтық бiрлiктepдің әкімдерi кәсіпкерлермен кездесулер өткізу | Дөңгелек үстелдер, конферен- циялар, семинар- лар | Барлық деңгейдегі әкімдер | Облыстардың, Астана және Алматы қала- ларының әкімдері - тоқсан сайын, өзге де әкімшілік- аумақтық бірліктердің әкімдері - ай сайын |
13. | Кәсіпкерлiк субъектiлерiнiң (шағын, орта және iрi, сондай-ақ ұсақ бизнес пен жеке кәсіпкерлiк) өлшемiн дәл айқындайтын Заң жобасын әзiрлеу | Заң жобасы | Индустрия және сауда министрлiгі, Әдiлет министрлігі, Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі | 2003 жылғы желтоқсан |
14. | Шағын кәсіпкерлiк субъектілерінің айналысуына рұқсат берiлмейтiн немесе қандай да бiр дәрежеде олар үшін шектелетін қызмет түрлерінің тiзбесiн айқындау | Заң жобасы | Индустрия және сауда министрлігі, Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі | 2002 жылғы желтоқсан |
15. | Шағын бизнестің дамуы үшін арзан халықаралық кредиттік бағдар- ламаларға қызмет көрсету кезінде банк маржасының төмен ставкалары белгіле- нетін шаралар,сондай-ақ екінші деңгейдегі банк- тердің басқа да көздерден кредит беру ставкаларын төмендетуін ынталандыру жөнінде шаралар әзiрлеу | Нормативтік құқықтық кесімнің жобасы | Ұлттық Банк (келісім бойынша), Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қаржы министрлігі | 2002 жылғы желтоқсан |
16. | Банк кредиттерін алу үшін қаржы құжаттамасы пакеттерiн дайындау рәсiмдерiн жеңiлдету жөнінде шаралар әзiрлеу | Үкіметке ақпарат | Ұлттық Банк (келісім бойынша), Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар | 2002 жылғы желтоқсан |
17. | Мемлекеттік органдардың нұсқамаларды көрсетпей тексерулер жүргiзу фактiлерi туралы ақпарат | Мемлекет басшысына есеп | Бас Прокуратура (келісім бойынша) | 2002 жылғы қазан |