Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Польша
Республикасына 2002 жылғы 23-26 мамырдағы ресми сапары барысында және
Қазақстан-поляк сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегi комиссиясының
2002 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында төртінші мәжілісiнде қол
жеткiзілген келiсімдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөніндегі
iс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 11 қарашадағы № 1191 қаулысы
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Польша Республикасына 2002 жылғы 23-26 мамырдағы ресми сапары барысында және Қазақстан-поляк сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының 2002 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласындағы төртiншi мәжілісiнде қол жеткiзiлген келісімдер мен уағдаластықтарды iске асыру және қазақстан-поляк ынтымақтастығын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Польша Республикасына 2002 жылғы 23-26 мамырдағы ресми сапары барысында және Қазақстан-поляк сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының 2002 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласындағы төртіншi мәжілісінде қол жеткізілген келісімдер мен уағдаластықтарды iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша) және ұйымдары (келісім бойынша) Жоспарда көзделген iс-шараларды iске асыру жөнінде нақты шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі тоқсанында кемінде бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы хабарлайтын болсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкiметінің
2002 жылғы 11 қарашадағы
№ 1191 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Польша Республикасына 2002 жылғы 23-26 мамырдағы ресми
сапары барысында және Қазақстан-поляк сауда-экономикалық
ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының 2002 жылғы 23-24
қыркүйекте Астана қаласындағы төртіншi мәжілісінде қол
жеткiзiлген келісімдер мен уағдаластықтарды iске асыру
жөніндегі iс-шаралар жоспары
P/c N | Іс-шара | Орындалу мерзiмi | Орындауға жауаптылар |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 | Мынадай құжаттардың күшiне енуi жөнiнде қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi жүргiзу: Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы Ұйымдасқан қылмысқа, eciрткi құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына, терроризмге және өзге де қауiптi қылмыс түрлерiне қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы келісім Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы Кеден iстеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Польша Республикасының Yкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалы туралы келісімге атқару хаттамасы Мынадай құжаттардың жобаларын қол қоюға дайындау: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Польша Республикасының Ауыл шаруашылығы және ауылды дамыту министрлігі арасындағы Өсiмдiктер карантинi саласындағы ынтымақтастық туралы келісім Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінiң Шағын бизнестi қолдау жөніндегі комитетi мен Польша Республикасының Кәсiпкерлiктi дамыту мемлекеттік агенттiгi арасындағы өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастық туралы меморандум Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Польша Республикасының Yкіметі арасындағы парник газдарының шығарындылары жөніндегі, парник газдарының шығарындыларына квоталармен сауда саласындағы жобалардың орындалуы туралы келісімге қол қоюдың орындылығын қарау Польша Республикасының Премьер-Министрi Л. Миллердiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын өткізу Қазақстандық мамандарды Польшаның теңiз оқу орындарында оқыту мүмкiндiгiн қарастыру Еуразиялық мемлекеттік қызметкерлердi оқыту орталығының қызметiне поляк тарапының қатысуы Өнеркәсiп және энергетика секторларындағы ынтымақтастықты дамыту: Поляк кеме верфьтерiнде кеме жасауға қазақстандық тапсырыстарды орналастыру мүмкiндiгiн зерделеу; Қазақстан Республикасында порт инфрақұрылымын салуға поляк компанияларының қатысу мүмкiндiктерiн қарау; Одесса-Броды-Плоцк-Гданьск мұнай құбырын салу жобасына Қазақстанның қатысу, поляк мамандандырылған жабдықтарының жеткiзiлiмi, поляк технологияларын қолдану, сондай-ақ Қазақстандағы бұрғылау жұмыстарына Польша мамандарының қатысу мүмкiндiгiн зерделеу; Амангелдi газ кенiштерi тобын өндiруге және жайластыруға, "Орта Азия -Орталық" магистральды газ құбырын, газ көлiк инфрақұрылымын жаңғыртуға поляк инвесторларын тарту, сондай-ақ поляк энергия үнемдеу технологияларын енгізу мүмкiндiгiн қарау; Қазақстан Республикасында фармацевтiк өнiм өндiретiн бiрлескен кәсiпорындар құру мүмкiндiгiн қарау; тау-кен-шахталық машина жасау, құрылыс және құрылыс материалдарын өндiру саласындағы ынтымақтастық; химия өнеркәсiбi саласындағы ынтымақтастық Польша аумағы арқылы қазақстандық жүктердiң темір жолмен транзиттiк тасымалын дамыту Телекоммуникациялар саласындағы ынтымақтастық мүмкiндiгiн қарау Қазақстан Республикасында поляк сауда орталығын құру мүмкiндiгiн қарау Мыналар жөнiнде тәжiрибе және ақпарат алмасу: Киот хаттамасы шеңберiнде, оның iшiнде электр станциялары құрылысын салу саласында бiрлесiп iске асыру үшiн қоршаған ортаны қорғау; "KUKE" S.А. экспорттық кредиттердi сақтандыру жөніндегі поляк корпорациясымен кредиттердi сақтандыру; қаржылық бақылау, оның iшiнде бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау және валюталық бақылау; жерге орналастыру және жер реформасы; кеден iстерi; мемлекеттік сатып салу Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрi дамыту: Қазақстан астығының және өңделген ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң: қаймағы алынбаған құрғақ сүттiң, сары майдың, қой жүнiнiң, iрi және ұсақ терi шикiзатының Польша Республикасына жыл сайынғы жеткiзiлiмiн ұлғайту мүмкiндiгiн қарау; тараптар ұйымдастыратын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерi мен көрмелерiне қазақстан және поляк фирмалары мен ұйымдардың қатысуы; поляк тарапына ауыл шаруашылығы саласындағы қазақстандық инвестициялық жобаларды жолдау | 2003 жылдың І тоқсаны 2003 жылдың І тоқсаны 2002 жылдың IV тоқсаны 2003 жылдың iшiнде 2003 жылдың iшiнде 2003 жылдың І тоқсаны 2003 жылдың І жарты жылдығы 2003 жылдың iшiнде тұрақты 2003 жылдың iшiнде 2003 жылдың І жарты жылдығы 2003 жылдың iшiнде 2003 жылдың iшiнде 2003 жылдың iшiнде тұрақты тұрақты тұрақты 2003 жылдың iшiнде 2003 жылдың iшiнде 2003 жылдың І жарты жылдығы 2003 жылдың iшiнде 2003 жылдың iшiнде тұрақты тұрақты тұрақты тұрақты | Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлігі (шақыру), Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, "Қазтеңiзкөлiкфлоты" ұлттық теңiз кеме қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгi (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының "Қазтеңiзкөлiкфлоты" ұлттық теңiз кеме қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (шақыру), Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, Астана қаласының әкімі, Алматы қаласының әкімі Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, Астана қаласының әкімі Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша), "Қазақстанның Даму банкi" жабық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі |