Жоба "Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры туралы" Заңының жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына ҚР Үкіметінің 2002 ж. 27 қарашадағы № 1261 қаулысына сәйкес енгізілді Осы Заң мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайлары басталған кезде сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының (бұдан әрi - Қор) құқықтық жағдайын, құрылу және қызмет ету тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына қатысу талаптарын белгiлейдi. 1-бап. Негiзгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) агент банк - Қормен агенттiк келісім негiзiнде кредиторларға кепiлдiк төлемдерi жүзеге асыру жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру қызметiн көрсететiн банк; 2) кепiлдiк төлемi - Қордың мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған бойда осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттармен сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) төлейтiн ақша сомасы; 3) мiндеттi сақтандыру шарты - сақтанушының мiндеттi сақтандыру туралы заң актiсi негiзiнде сақтандыру ұйымымен жасаған шарты; 4) қатысу шарты - Қор мен сақтандыру ұйымының арасында осы Заңда белгіленген тәртiппен және шарттармен жасаған сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарты; 5) өтiнiш берушi - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға не Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заң актілерінде Қорға мiндеттi қатысу көзделген мiндетті сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алуға ниет бiлдiрген сақтандыру ұйымы; 6) кредитор - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кепiлдiк төлемiн алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|