Қазақстан Республикасының ?кіметi мен Иран Ислам Республикасы Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын, Қазақстан Республикасының ?кіметi мен Иран Ислам Республикасының ?кіметi, екi мемлекет арасындағы өзара тиiмдi сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрi дамытуға және кеңейтуге жәрдемдесуге тiлек бiлдiре отырып, халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерiне адалдықтарын растай отырып, төмендегiлер туралы келiстi: Тараптар өздерiнiң өкiлеттіктерi мен мүмкiндiктерi көлемiнде іс-қимыл жасай отырып, өз мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес, астыққа қатысты екi мемлекет арасындағы өзара тиiмдi сауданы кеңейтуге көмектесетiн барлық қажеттi шараларды қабылдайтын болады. Осы Меморандумның 1-бабындағы ережелердi іске асыру мақсатында Тараптар мынадай мiндет алады: Қазақстан Тарабы жыл сайын Иран Ислам Республикасына жыл сайын нақты белгiленген, қажеттi көлемде астық берiп отырады; Иран Тарабы берiлген астықты екiншi Тараппен келісілген шарттарда қабылдайтын және төлейтiн болады. Қазақстан астығының экспорты жайындағы осы Меморандумды орындау жөніндегі Тараптардың уәкiлеттi атқарушылары: Қазақстан Тарабынан - "Азық-түлiк контракт корпорациясы" жабық акционерлік қоғам. Иран Тарабынан - Govermment Trading Corporation of iran болып табылады. Астық берiп отырудың маңызды шарттары, атап айтқанда: - жеткiзiлiмдер кестесi, - жеткiзiлетiн астықтың түрлерi мен сыныптары, - астықтың бағалары, - астықтың сапалық көрсеткiштерi, - жеткiзiлiмдердi iске асыру тетiктерi мен төлем нысандары, - дауларды шешу тәртібі, - және басқа да мүмкiн шарттар осы Меморандумды атқарушылар жасасатын және олар орындалуына жауапты болатын келісім-шарттарда ескерiледi. Осы Меморандумды атқарушылар Тараптармен келісілген банк арқылы керi шақырылмайтын аккредитивтi алған бойда астық жеткiзiлiмiн сата алады. Төлемнiң басқа шарттары тиiстi тараптармен талқылануы мүмкiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|