Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне табиғи монополиялар 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат): 1) кiрiспедегi "табиғи монополиялардың iс-әрекетiн" деген сөздер "табиғи монополия аясындағы iс-әрекеттi" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) Заңның бүкiл мәтiнi бойынша "баға мен тарифтердi", "бағаларды, тарифтердi", "бағалар мен тарифтер", "бағалар (тарифтер)", "бағаларды (тарифтердi)", "бағалар мен тарифтерге", "бағалар мен тарифтердiң", "бағалары мен тарифтерiнiң, "бағалары мен тарифтерiн", "бағалар мен тарифтердi" деген сөздер тиiсiнше "тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)", "тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына)", "тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының)", "тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын)", "тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары)" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: "1-бап. Осы Заңның мақсаты Осы Заңның мақсаты: 1) табиғи монополия аясындағы қызметтi мемлекеттік бақылау мен реттеудiң құқықтық негiздерiн белгiлеу; 2) тұтынушылар мен табиғи монополия субъектiлерi мүдделерiнiң теңдестiрiлуiне қол жеткізу болып табылады."; тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "2-бап. Осы Заңның қолданылуы"; 3-тармақтағы "жүзеге асыратын заңды тұлғаларға" деген сөздер "жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: "3-1. Осы Заңмен табиғи монополия аясына жатқызылған iс-әрекеттi жүзеге асыратын рынок субъектiлерi үшiн мемлекеттік реттеу мен бақылау осындай iс-әрекетке қатысты ғана қолданылады."; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|