|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 118 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы № 1128 қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 118 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Құны: 550307 мың теңге (бес жүз елу миллион үш жүз жеті мың теңге)."; 6-тармақ кестесінің "Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шара" деген 5-бағанындағы "170" сан "150" деген санмен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |