Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы жекелеген ұйымдардың мәселелерi
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Орталық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Республикалық ветеринариялық зертхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Республикалық ветеринариялық зертхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны қызметiнiң негiзгi мәнi: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларының диагностикасы; 2) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспалары тiркеу сынағынан, байқап тексеруден өткізу, сондай-ақ шағым болған кезде ветеринариялық препараттардың серияларын (партияларын) бақылау болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Ветдез» республикалық мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны қызметiнiң негiзгi мәнi: 1) Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының ошақтарын жою; 2) мемлекеттік шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеттерiнде көлiк құралдарын дезинфекциялау; 3) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтау болып белгiленсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|