Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараттарға мемлекеттік тiркеу және Мемлекеттік реестр жүргізу Ережесін бекіту туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 11-3/472 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараттарға мемлекеттік тiркеу және Мемлекеттік реестр жүргiзу Ережесi бекітілсiн. 2. Ветеринариялық департаментiне, заңнамада белгiленген тәртiпте, осы бұйрықтан туындайтын керектi шаралар қабылдасын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ветеринариялық Департаментiнiң директоры М.Т.Мыңжановқа жүктелсiн. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Министр Ауыл шаруашылығы Министрінің 2002 жылғы 31 қазандағы № 349 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тiркеуiн (қайта тiркеуiн) және Мемлекеттік реестрiн жүргiзу ЕРЕЖЕСI 1. Жалпы тәртiптерi 1. Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тiркеуiн (қайта тiркеуiн) және Мемлекеттік реестрiн жүргiзетiн осы Ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес және оны iске асыру мақсатында жасалған. 2. Осы Ереже Қазақстан Республикасында нормативтiк-техникалық құжаттаманың сараптамасын (бұдан әрi - НТҚ), ветеринариялық препараттарды апробациялау, тiркеулiк сынақтарды, қайта тiркеу, ветеринариялық препараттардың Мемлекеттік (мемлекеттік тiзiмiн) реестрін жүргiзудiң (бұдан әрi - Реестр) бiркелкi тәртібін анықтайды, әрi оларды iске асыруды регламенттейдi және қажеттi ақпараттың көлемi мен сипатын Қазақстан Республикасының аумағында ветеринария саласында қолдану мақсатында және мемлекеттік тiркеуге (қайта тiркеуге) ветеринариялық препараттарды ұсынатын жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi болып саналады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|