Жоба Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану және Заңның жобасы ҚР Үкіметінің 24.12.02 ж. № 1352 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлді 1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық кесiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. Қазақстан Республикасы Президентiнің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Ведомостары, 1996 ж., № 2, 182-бап; 1999 ж., № 11, 357-бап, № 21, 787-бап): 1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы"; 2) Кiрiспе алынып тасталсын; 3) барлық мәтін бойынша: "Жарлыққа", "Жарлықпен", "Жарлықтағы", "Жарлық" деген сөздер сәйкесінше "Заңға", "Заңмен", "Заңдағы", "Заң" деген сөздермен ауыстырылсын; "(уәкілеттi мемлекеттік орган)", "(Блок)", "(Блоктар)", "(Блоктарға)", "(Блокқа)" деген сөздер алынып тасталсын; "инвестициялық бағдарламалар конкурсы", "инвестициялық бағдарламалар конкурсында", "инвестициялық бағдарламалар конкурсын" деген сөздер тиiсiнше "конкурсы", "конкурсында", "конкурсын" деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 1-бап: мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын: "1-2) Жұмыстардың жылдық бағдарламасы - Жер қойнауын пайдаланушының ол күнтізбекті жылда жоспарлайтын жұмыстар көлемi мен қаржылық шығындардың егжей-тегжейлі белгiлеуiн қамтитын күнтізбекті жылға арналған iс-қимылдарының жоспары"; 2) тармақшадағы "Пайдалы қазбалардың болуы бойынша" деген сөздер "іздестiру және iздестiру-бағалау жұмыстарын жүргiзу жолымен Пайдалы қазбалардың бар-жоқтығына" деген сөздермен ауыстырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|