Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 608 бұйрығымен бекітілген ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 ж. 3 желтоқсандағы № 493 бұйрығымен күші жойылды Құрылымдық бөлімше үшін төлеуге тиісті акциз 1. Жалпы ережелер Осы Ережелер Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және құрылымдық бөлімше үшін төлеуге тиісті акцизді есептеуге арналған Құрылымдық бөлімше үшін төлеуге тиісті акциз сомасы бойынша есепті (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. 1. Есеп Есептің өзінен (421.00-нысан) және акциз салу объектілері туралы ақпаратты ашатын оған қосымшалардан (421.01- 421.04-нысандар) тұрады. 1) қағаз түрінде қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады; 2) электронды түрде Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті тор көз толтырылмайды. 5. Қосымшаларда көрсетілуге тиісті деректер болмаған жағдайда, көрсетілген қосымша берілмейді. 6. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақтағы тор көзінде - белгісімен белгіленеді. 1) Есеп қағаз түрінде келу тәртібінде екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады; 2) салық төлеуші хабарламаны почта арқылы хабарламалы тапсырысты хатпен қағаз түрінде почта немесе өзгелей байланыс ұйымы арқылы алады; 3) Салық кодексінің 69-бабының 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде салық төлеуші Есепті қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады. 8. Қосымшаның Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат бөлімінде Декларацияның Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат бөлімінде көрсетілген тиісті көрсеткіштер көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|