Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 608 бұйрығымен бекітілген ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 ж. 3 желтоқсандағы № 493 бұйрығымен күші жойылды Әлеуметтік салық бойынша декларацияны жасау ережелері 1. Жалпы ережелер 1. Осы ережелер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 65-тарауына сәйкес шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің әлеуметтік салықты есептеуі мен уақтылы төлеуіне арналған Әлеуметтік салық бойынша декларация (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. 2. Декларация жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта Салық кодекстің 69-бабына сәйкес толтырылады. 3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды. 5. Декларацияны беру кезінде: 1) қағаз тасығышта келу тәртібімен екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады; 2) хабарламамен тапсырысты хатпен қағаз тасығышта почта бойынша-салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады; 3) Салық кодексінің 69-бабындағы 8-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде- салық төлеуші Декларацияны қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады. 6. Декларацияға Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады. 2. Декларацияны жасау (630.00-нысан) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|