|
|
|
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Агрохимия "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру жөніндегі Ic-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 2 тамыздағы № 864 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Агрохимия қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын. 2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi топыраққа агрохимиялық зерттеу жүргiзу жөніндегі топырақ-агрохимиялық зертханалардың қызметiне орталықтандырылған ғылыми-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру және тыңайтқыштар мен агрохимикаттарды ұтымды қолдану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып айқындалсын. 3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн; 2) Мекеменiң әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 4-тармақтың күші жойылды 4. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiнде: "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген 2-бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Агрохимия қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы 150". 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |