|
|
|
«Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)» ұлттық компаниясы» ашық
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1080 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне "Қазақ ақпарат агенттігі" (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы" ашық акционерлік қоғамының президентi қызметіне заңнамада белгiленген тәртiппен сайлау үшiн Ғадiлбек Мiнәжұлы Шалахметовтың кандидатурасы ұсынылсын. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Кейбiр акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 8, 85-құжат): кейбір акционерлік қоғамдардың және республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 18-жолмен толықтырылсын: "18. "Қазақ ақпарат агенттігі (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы" ААҚ"; 2) "Кейбiр акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегi № 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат): кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: "8. Қазақ ақпарат агенттігі (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы" ААҚ: Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім бiрiншi вице-министрi, төраға; Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Әлеуметтік-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi; Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетi төрағасының орынбасары; Құрманғалиева Аида Дәденқызы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік саланың шығыстарын жоспарлау департаментiнiң директоры; Шалахметов Ғаділбек Мiнәжұлы". 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |