Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы 5-тармағын, 51-бабы 5-тармағын, 52-бабының 4 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелері Х.Ә.Әбішев, Қ.Ж.Балтабаев, С.Ф.Бычкова, А.Есенжанов, А.К.Котов және Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың: өтініш субъектісінің өкілі - Республика Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Әбдірахмановтың, Республика Орталық сайлау комиссиясының мүшесі В.К.Фосовтың, Республика Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н.Бәйішевтің, Республика Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың, Республиканың Әділет вице-министрі Р.Ш.Шамсутдиновтың қатысуымен, өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағын, 51-бабының 5-тармағын, 52-бабының 4 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады. Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашы - Конституциялық Кеңестің мүшесі Қ.Ж.Балтабаевты, өтініш субъектісі өкілінің және отырысқа қатысушылардың сөздерін тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады: Республика Парламентінің бір топ депутаттары Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағын, 51-бабының 5-тармағын, 52-бабының 4 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне жүгінді. Өтініш субъектісі мынадай мәселелерді түсіндіруді сұрайды: 1) Конституцияда Парламент депутаттарының өкілеттік мерзімінің басқадай тұрғыдан қарастырылмағандықтан, депутат өкілеттігінің мерзімін Республика Конституциясының 51-бабының 5-тармағына сәйкес депутаттыққа кандидат сайланған болып есептелетін кезден бастап есептеу керек пе. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|