Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 15 шілдедегі № 619 бұйрығымен күші жойылды
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру туралы ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық ғылым және білім департаментінің директоры (Хамзина Н.Қ.) медициналық колледждердің бағдарламасына «Бүлдіршін жастағы психикалық-дене бұзылыстарын скринингті диагностикалау әдістері» курсын енгізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын. 3. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) басшылары әйелдерді босандыру мекемелерінің, балалар емханаларының, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінің медицина қызметкерлерін бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене дамуы бұзылыстарының скринингі әдістеріне оқыту жөніндегі шараларды көздесін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу ісі жөніндегі департаментінің директоры Х.Ә.Сағынға жүктелсін. 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене дамуының бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|