Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексеру туралы Қазақстан Республикасының ҚР денсаулық сақтау министрлігінің 04.03.04 ж. № 212 бұйрығымен күші жойылды Жыл сайын Қазақстан Республикасында 45 мыңға дейiн жiтi iшек жұқпалы аурумен, 20 мыңнан аса вирустiк гепатиттiң "А" тобымен ауыратындар тiркеледi, сүзек-қылау жұқпалы ауруларының өрбу жағдайлары жиiлене түстi, бруцеллез және туберкулез аурулары өзектi мәселеге айналып отыр. Осы жылы сапасыз тағаммен тұтыну салдарынан, азық-түлiктен 6 топтық уланулар тiркелiнген. Сонымен бiрге, шаруашылық субъектiлерi санитарлық ережелер және нормаларды бұзумен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мемлекеттік қызметiнiң нәтижесiз санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды iске асыру және аумақтық шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексеру жиiлiгiн негiзсiз шектен асыру жағдайлары да кездеседi. Жоғарыда аталғандар негiзiнде, 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1390 "Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексеруге мораторий жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысын басшылыққа ала отырып, және Қазақстан Республикасы "Халықтың санитарлық эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңының 11 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған эпидемиологиялық маңыздылығы бар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тiзбесi және Қазақстан Республикасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнiң мемлекеттік органдарының оларды тексеру жиiлiгi бекітілсiн. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, көлiктегi Мемлекеттік санитарлық Бас дәрiгерлерiне: 1) бекітілген тiзбеге сәйкес 2003 жылғы 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiн мораторий жарияланған кезеңiне, Қазақстан Республикасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнiң мемлекеттік органдарының эпидемиологиялық маңыздылығы бар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексеру жиiлiгiнiң орындалуы қамтамасыз етiлсiн; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|