|
|
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Ақмола мемлекеттік медицина академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Ақмола мемлекеттік медицина академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Қазақ мемлекеттік медицина академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 3. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |