|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 400 қаулысына Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. "Монополияшы кәсiпорындардың қызмет көрсетулерiне бағалар мен тарифтердi мемлекеттік реттеу жөнiндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 12, 122-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "3) коммуналдық қызметтердi есептеу аспаптары болмаған кезде газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау үшiн төлемнiң мөлшерi 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нормалардан аспайтын қолданыстағы тұтыну нормалары ескерiле отырып айқындалады;". 2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |