Еркін, грек-рим және әйелдер күресiнен командалық Азия кубогын өткізу 1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгінiң және Күрестiң қауымдасқан түрлерiнiң халықаралық федерациясы бюросының 2003 жылғы 29-30 қарашада Алматы қаласында еркін, грек-рим және әйелдер күресiнен командалық Азия кубогын (бұдан әрi - Азия кубогы) өткізу туралы ұсынысы қабылдансын. 2. Қоса берiлiп отырған Азия кубогына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекітілсiн. 3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi мен Алматы қаласының әкімі Қазақстан Республикасының Күрес федерациясымен бiрлесiп, Азия кубогына дайындықты және оны Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайында өткізудi қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасының Iшкі істер министрлігі қатысушылар мен ресми адамдар тұратын және жарыстар өтетiн Жерлерде қоғамдық тәртiптің сақталуын, олардың қауiпсiздiгiн, Азия кубогына қатысушы шетелдiк азаматтардың Алматы қаласының қонақ үйлерiнде тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Азия кубогына дайындық және оны өткізу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жария етудi қамтамасыз етсiн. 6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Азия Кубогына қатысушыларды көлiк қызметiмен қамтамасыз етуге жәрдем көрсетсiн. 7. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi берген тiзiм бойынша Азия кубогына қатысушылар мен ресми адамдардың келу және кету құжаттарын ресiмдеуге жәрдем көрсетсін. Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің 2003 жылғы 27 наурыздағы № 42 өкімімен бекітілген Еркін, грек-рим және әйелдер күресiнен командалық Азия Кубогына дайындық және оны өткізу жөніндегі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|