|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 12 желтоқсандағы № 1621
ҚР Үкіметінің 2007.05.10 № 908 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстанда жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау iсiн қалпына келтiрудiң және дамытудың 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 12 желтоқсандағы № 1621 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 47, 552-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 2-тармақтағы «Экономика және сауда министрлiгі» деген сөздер «Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстанда жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау iсiн қалпына келтiрудiң және дамытудың 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған бағдарламасында: «Қазақстанда жүзiм шаруашылығы мен шарап жасау iсiн қалпына келтiрудiң және дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары» деген 8-бөлiмде: реттiк нөмiрi 5-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «АШМ», ИСМ, Қазақстан Шарап жасаушылар одағы (келісім бойынша)»; реттiк нөмiрi 7-жолдың 4-бағанындағы «ЭСМ» деген сөз «АШМ, ҚарМ, ИСМ» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |