|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 және ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 1237 қаулысымен күші жойылды "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 30, 330-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде: 10-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "15) инвестицияларды мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады."; 2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 қарашадағы № 1220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 41, 414-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитет туралы ережеде: 11-тармақтың 3) тармақшасында: "келісім-шарттарға қол қоюға" деген сөздер "келісім-шарт жасасуға" деген сөздермен ауыстырылсын; "өз құзыретi шеңберінде" деген сөздерден кейiн "инвестициялар туралы заңнамаға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің құзыретi шегiнде мынадай: 1) инвестициялық салық преференциялар; 2) кедендiк баж салудан босату; 3) мемлекеттік заттай гранттар түрiнде инвестициялық преференциялар ұсыну туралы шешiм қабылдауға;". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |