Прокурордың сезіктіні, айыпталушыны қамауға алу, үйде қамап ұстау немесе
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 27 Нормативтік қаулысымен күші жойылды
Прокурордың қамауға алу, үйде қамап ұстау және олардың мерзімін ұзарту жөніндегі санкциясына шағымданудың сот практикасына жасалған талдау соттардың қажетті жағдайларда азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде шаралар қолдана отырып, өздеріне түскен шағымдарды дұрыс шешіп келе жатқанын көрсетуде. Сонымен қатар, соттардың қызметінде қателіктер мен кемшіліктер де бар. Заңдылықты сақтау және Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 110-бабының талаптарын біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабына сәйкес, әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар. Заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен қамауда ұстауға болатынын, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы берілетінін соттар назарда ұстаулары қажет. 2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай - ҚІЖК) 140,149 және 150-баптарына сәйкес, қамауға алу және үйде қамап ұстау заң бойынша тек екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген қылмысты қасақана жасағаны немесе заң бойынша үш жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген қылмысты абайсызда жасаған сезіктіге, айыпталушыға қолданылады және бұлтартпау шараларының ең қатаң түрлері болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|