|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Жекешелендiру объектілерін сатудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 27, 317-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Жекешелендiру объектілерін сатудың ережесінде: кiрiспесiнде «аукциондар мен тендерлерде» деген сөздер «аукцион, тендер және екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықта» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) «Қаржы кеңесшiсi» - жекешелендiру объектілерін сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөнiнде консультациялық қызметтер көрсету үшiн екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурсты өткізу кезiнде Сатушы тартатын тұлға;"; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) «Жекешелендiру объектiсi» - мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттік кәсiпорын немесе мемлекеттік мекеме; жекешелендiрiлуi тұйықталған технологиялық циклдi бұзбайтын мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi мен құрылымдық бірлiктерi; кәсiпорынның мүлкi; акциялар; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы үлестер; Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртіппен мемлекеттік мекемелерге бекітілген өзге де мемлекеттік мүлiк.»; 4) тармақшада «немесе тендерге» деген сөздер», тендерге немесе eкі кезеңдi рәсім арқылы конкурсқа» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақшада «объектілерін сату нысаны» деген сөздер «түрi» деген сөзбен ауыстырылсын; 6) және 10) тармақшаларда «түрi» деген сөз «нысаны» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын: «13-1) «Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс» - кезең-кезеңдi келiссөздер жүргiзу арқылы қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен Сатушы конкурс жеңiмпазын анықтайтын сауда-саттық нысаны;"; 19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «19) «Жеңiмпаз» - жекешелендiру объектiсi үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған аукционға қатысушы; тендерлiк комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шартты ұсынған тендерге қатысушы; ең жақсы шартты ұсынған екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың екiншi кезеңiне қатысушы;"; 8-тармақтың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1-1) осы Ереженiң 1-тармағы 11) және 13-1) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттық нысанын анықтау;"; 10-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын; 15-тармақтың 3) тармақшасында «әрбір жекешелендiру объектiсiнiң сатылу түрi» деген сөздер «осы Ереженiң 1-тармағы 11) және 13-1) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір жекешелендiру объектiсiнiң сатылу нысандары» деген сөздермен ауыстырылсын; 21-тармақта «республикалық ресми баспасөзде» деген сөздер «ресми басылымдарда» деген сөздермен ауыстырылсын; 22-тармақтың 2) тармақшасында «түрi» деген сөз «нысаны» деген сөзбен ауыстырылсын; 24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «24. Сауда-саттыққа қатысушыларды тiркеу ақпараттық хабарламалар жарияланған күнiнен бастап жүргiзiледi және аукционның басталуына бір сағат және тендердiң және/немесе екi кезеңдi рәсім арқылы конкурстың басталуына жиырма төрт сағат қалғанда аяқталады.»; 40-тармақтың 4) тармақшасында «түрiн және» деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 5-1-бөлiммен және 54-1, 54-2, 54-3, 54-4, 54-5-тармақтармен толықтырылсын: «5-1. Екi кезеңді рәсiм арқылы конкурс 54-1. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс жекешелендiру бағасының басымдығын және/немесе өзге де шарттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен өткізіледi. 54-2. Екі кезеңдi рәсiм арқылы конкурс мынадай іс-шаралар жоспарын қамтиды: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы кеңесшiсiн тарту; 2) жекешелендiру объектiн жан-жақты талдау, оның құнын бағалау және ықтимал сатып алушылар (инвесторлар) үшiн жекешелендiру объектісі туралы ақпараттық дерекқорды қалыптастыру; 3) Сатушының жекешелендiру объектiсiн сату туралы хабарламаны ресми басылымдарда мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жариялауы, сондай-ақ қаржы кеңесшiсiнiң ықтимал сатып aлушыларға (инвесторларға) сату туралы ұсыныстар жiберуi; 4) қаржы кеңесшiсiнiң ықтимал сатып алушылардың (инвесторлардың) ұсыныстарын қамтитын өтiнiмдер тiзбесiн қалыптастыруы; 5) Сатушының қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен келiссөздер барысында ең жақсы ұсыныстар (конкурстың бірiншi кезеңi) ұсынған кемiнде екi ықтимал сатып алушыны (инвесторды) анықтау мақсатында өтiнiмдер тiзбесi бойынша ықтимал сатып алушылармен (инвесторлармен) келiссөздер жүргiзуi; 6) Сатушының қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен бұрын ұсынылған шарттарды жақсарту мәнiне бірiншi кезеңнiң жеңiмпаздарымен келiссөздер жүргiзуi (екiншi кезең). 54-3. Сатушы, қаржы кеңесшiсi және екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың барлық қатысушылары келiссөздiң әрбір кезеңiнiң өткiзiлу қорытындылары бойынша оның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қояды. 54-4. Екi кезеңді рәсiм арқылы конкурстың екiншi кезеңi барысында ең жақсы шарттарды ұсынған ықтимал сатып алушы (инвестор) екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың жеңiмпазы болып танылады. 54-5. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың Жеңiмпазы сатып алу-сату шартына Сатушы белгiлеген мерзiмде қол қоюдан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда, сатып алу-сату шартына ұсынысы Жеңiмпаздың ұсынысынан кейiн ең жақсы деп танылған ықтимал сатып алушы (инвестор) қолын қояды.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |