Бәсекелестiктi шектейтiн рынок субъектiлерiнің келісiмдерін (келісілген
ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің 2007 ж. 15 мамырдағы № 164-НҚ Бұйрығымен күші жойылды
"Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 15 қарашадағы № 1713 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi туралы ережесiнiң 11-тармағының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілiп отырған Бәсекелестiктi шектейтiн рынок субъектiлерiнiң келісімдерiн (келiсілген, iс-қимылдар) анықтау жөніндегі нұсқаулық бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң Бәсекелестiктi дамыту департаментi (Н.Х.Жұмабаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртiппен мемлекеттік тiркеуден өткізудi қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (A.T.Шабдарбаев) осы бұйрықты ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткізудi қамтамасыз етсiн. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары А.Р.Ойнаровқа жүктелсін. 5. Бұйрық жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|