Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы
ҚР 20.06.03 ж. № 420-II Заңымен Шарт бекітілді
Бұдан әрi қарай Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы, олардың арасындағы тату көршілік, достық және барлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту екі ел халықтарының түбегейлi мүдделерiне жауап бередi және Азия мен бүкiл әлемде бейбiтшiлiк, қауіпсiздік пен тұрлаулылықты сақтауға септігін тигізетіндігіне сене отырып, 1993-1999 жылдары қол қойылған Бiрлескен Қазақстан-Қытай декларацияларының eкіжақты қатынасты дамыту зор маңызы бар екенiн тағы да мәлiмдей отырып, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы және өздерi қатысушы болып табылатын басқа да халықаралық шарттар бойынша өз мiндеттемелерiн қуаттай отырып, eкі ел халықтарының арасындағы дәстүрлі достық рухында қазiргi бар жан-жақты ынтымақтастық қатынастарын одан әрi дамытуға және нығайтуға деген ұмтылыстан шыға отырып, Төмендегілер туралы уағдаласты: Уағдаласушы Тараптар бiр-бiрiне басып кiрмеу, бiр-бiрінің ішкі iстерiне араласпау, теңдiк пен өзара тиімділік, бейбiт өмiр сүру, егемендік пен жер тұтастығын өзара құрмет тұтудың қағидаттарына, халықаралық құқықтың жалпы танымал қағидаттары мен нормаларына сәйкес тату көршілік, достық және өзара тиiмдi ынтымақтастықты белсендi түрде дамытады және нығайтады. Уағдаласушы Тараптар Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасын делимитациялаудың және демаркациялаудың тарихи мәні бар екенiн атап көрсетедi. Уағдаласушы Тараптар жер тұтастығына қолсұқпаушылық пен шекаралар мызғымастығының халықаралық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, екi ел арасындағы шекара туралы тиiстi шарттарды бұлжытпай орындайды, сондай-ақ шекара аймағында екi жақ арасындағы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан мәңгілік татулық пен достықты қолдауға бекем бел байлайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|