Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім (Астана қ., 2003 ж. 3 маусымда) (2017.13.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2003 ж. 25 сәуірдегі № 405 Қаулысымен осы келісімге қол қоюға берiлдi
Бұдан әрi «Тараптар» деп аталатын, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі, Тараптар мемлекеттерi арасындағы білім беру саласындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрi дамыту мақсатында, бірлескен ғылыми зерттеулердің деңгейi мен тиiмділігiн одан әрi арттыруға, теңдiк, өзара пайдалы және тиiмділік қағидаттары негiзiнде Тараптар мемлекеттерi арасында білім беру саласындағы алмасуды кеңейтуге ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келiстi:
2009 ж. 16 сәуірдегі Хаттамамен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-бап
Тараптар мына салаларда ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады: білім беру жүйесi мен білім беру саласында жүргiзiлiп жатқан реформалар туралы ақпаратпен, оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк материалдармен алмасу; жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылармен алмасу; Тараптар мемлекеттерiнiң мемлекеттік тiлдерiн үйрену мен таратуға жәрдемдесу.
2009 ж. 16 сәуірдегі Хаттамамен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-бап
Тараптар жыл сайын баламалы негізде білім алушылармен алмасады. Тараптардың әр мемлекетінде білім алушылардың жалпы саны жыл сайын 100 адамнан аспайды. Қажет болған жағдайда Тараптар өзара келісім негізінде олардың санын ұлғайта алады. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың санын және олардың оқу мерзімін оқу орны орналасқан мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес қабылдаушы Тарап анықтайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|