Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 6 мамырдағы № 428 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дания Koрольдігінің Үкіметі Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дания Корольдiгінің Үкіметі, халықаралық терроризмге, діни және саяси экстремизмге қарсы күрес жөніндегі "Мызғымас бостандық" операциясы шеңберінде екi жақты деңгейде тығыз өзара әрекет етуге дайын екендiгiн бiлдiре отырып, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсiздiк Кеңесiнің № 1386 (2001), № 1383 (2001), № 1378 (2001) қарарларын орындау үшiн, 1995 жылғы 19 маусымда Брюссельде қол қойылған Солтүстiк Атлантика Шартына қатысушы мемлекеттер арасындағы және "Бейбiтшiлiк жолындағы әрiптестiк" бағдарламасына қатысатын басқа да мемлекеттер арасындағы олардың әскерлерінің мәртебесiне қатысты келісімдi (PfP SOFA), Қазақстан Республикасы азаматтарының өмiрi мен денсаулығына нұқсан келтіретін, сондай-ақ материалдық зиян шектiретiн жағдайларды қоспағанда, осы Меморандум шеңберiнде әрекет ететiн Дания Корольдiгiнің персоналына қолдануды мойындай отырып, мынадай мәселелер бойынша өзара түсіністiкке қол жеткiздi: І. "Мызғымас бостандық" операциясын қолдауға "Манас" әуежайынан (Қырғызстан) әрекет жасайтын Дания Корольдiгiнiң әскери ұшақтары үшiн қосалқы әуеайлақты беру туралы Дания Корольдігі Үкіметінің Қазақстан Республикасының Үкіметіне өтінішiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қосалқы әуеайлақ ретiнде Шымкент қаласының әуежайын (бұдан әрі - әуежай) мынадай шарттар бойынша беруге келiседi: 1. Дания Корольдігінің ұшақтары ұшудың қауіпсiздiгiне қауiп төндiретiн және "Манас" әуежайына қону үшiн ең аз талап етiлетiн деңгейден төмен ауа райы жағдайы бойынша ұшақтың дереу қонуын талап ететiн борттағы авариялық ахуал жағдайында немесе оның ұшу-қону белдеулерi төтенше жабылған жағдайда ғана әуежайда жоспарланбаған қону жасай алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|