Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген Еркін қойма кеден режимімен орналастырылатын тауарларды 1. Осы Еркін қойма кеден режимімен орналастырылатын тауарларды кедендік бақылау мен кедендік ресімдеудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 242,243-баптарына сәйкес әзірленді және еркін қойма кеден режимімен орналастырылған тауарларды кедендік ресімдеу мен бақылау, сондай-ақ еркін қоймалардағы тауарлардың есебін жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Кеден кодексінің 88-бабына сәйкес еркін қойма - бұл оған тауарлар мен көлік құралдарын еркін қойма кеден режиміне сәйкес орналастыруға әдейі арналған, бөлігі уақытша сақтау үшін пайдаланылатын қойма. Еркін қоймалар кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның лицензиясын алғаннан кейін құрылады. 3. Еркін қойманың аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. 4. Уақытша сақтау орны ретінде пайдаланылатын еркін қойма бөлігіндегі тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау жағдайларын қоспағанда, тауарлар еркін қоймаларда мерзімдері шектелместен болуы мүмкін. Тауарлар мен көлік құралдарын еркін қоймада уақытша сақтау мерзімі Кеден кодексінің 91-бабына сәйкес айқындалады. 5. Еркін қойма кеден режимімен орналастырылған шетелдік тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге тауарлардың қайта экспортының кеден режиміне сәйкес әкетіледі. Іс жүзінде әкетуді бақылау Кеден кодексінің 113-бабына сәйкес кедендік бақылаудағы тауарларды жеткізуге қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. 2. Тауарларды еркін қоймаға орналастыру кезінде кедендік ресімдеу 6. Еркін қойманың бөлігі уақытша сақтау орны деп танылған жағдайда, қойманың тиісті бөлігіне тауарлар кейін оларды еркін қойма кеден режимімен орналастыру үшін уақытша сақтау рәсіміне сәйкес уақытша сақтау мақсатында орналастырылуы мүмкін. Еркін қоймаға шетелдік тауарларды орналастыру жүк кедендік декларацияның негізінде жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|