|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 22 мамырдағы № 620 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 498 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтiру және жою туралы ереженi, азаматтық хал актілерін тiркеу кiтаптарының нысандарын және осы кiтаптардағы жазбалардың негiзінде берiлетiн куәлiктердiң нысандарын және Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тiркеу тәртібі туралы ережелердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы № 620 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 20-21, 214-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтiру және жою туралы ережеде: 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Қалпына келтiрiлген азаматтық хал актiсiнің жазбасын тiркеудi жазба жоғалған жер бойынша АХАЖ органдары жүргiзедi. Жоғалған жазба сот тәртібімен қалпына келтiрiлген жағдайда, актiнiң қалпына келтiрілген жазбасын тiркеу сот шешiмi шығарылған жер бойынша жүргiзiледi. Азаматтық хал актiсiн қалпына келтiру туралы жазба күнделiктi тiркеу кiтабында, ал туу туралы қалпына келтiрiлген жазбаны тiркеу туу туралы қалпына келтiрiлген актiлердi тiркеу кiтабында жүргiзiледi.»; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тiркеу тәртібi туралы ережелерде: 171-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: «12) өтiнiш берушiнi шын мәнiсiнде тәрбиелеген адамның тегi және аты бойынша тегі мен әкесінің атын алғысы келуі.»; 179-тармақтың үшiншi абзацындағы мемлекеттік тiлдегi мәтiндегi «үш» деген сөз «бiр» деген сөзбен ауыстырылсын; 216-тармақтың үшiншi абзацы», ерекше жағдайларда, жеке басын куәландыратын құжат алмаған 16 жастан асқан, бiрақ 18 жасқа толмаған балаларға ата-аналарының бiреуiнiң не қорғаншысының қатысуымен олар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде қайтадан куәлiктер берiледi». 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |