Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетінің төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 201 бұйрығымен Бекiтiлген
ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 қарашадағы № 344 бұйрығымен күші жойылды
Кедендiк ресiмдеу жөнiндегі мамандарды (2006.10.04 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кедендiк ресiмдеу жөніндегі мамандарды аттестациялаудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 408, 409-баптарына сәйкес әзiрлендi және кедендiк ресiмдеу жөніндегі маманға (бұдан әрi - маман) қойылатын біліктiлiк талаптарын, біліктiлiк аттестатын (бұдан әрi - аттестат) мамандарды аттестациялауды жүргiзу, беру туралы өтiнiштi қараудың, аттестатты берудiң, қайтарып алудың, қайта тiркеудiң, аттестаттың қолданысын тоқтатудың және қайта қолданысқа енгізудiң, аттестатты жарамсыз деп танудың тәртібін белгiлейдi. 2. Маман өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасы Кеден кодексiне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады. 3. Маман өз штатында тұратын кедендiк брокердiң атынан кедендiк ресiмдеу жөнiндегі iс-қимылды жасауға құқылы. 4. Кедендiк брокер мен маманның қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалатын жеке еңбек шартының негiзiнде құрылады. 5. Маман кеден брокерiмен жеке еңбек шарты жасалған сәттен бастап кедендiк брокердiң атынан кедендiк ресiмдеу жөніндегі iс-қимылды жасауға құқылы. Мұндай шартты бұзған жағдайда кеден брокерi Кеден кодексiнде белгiленген мерзiмде кеден iсi жөніндегі уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi. 6. Екi және одан да көп кеден брокерiнiң штатындағы бiр маманның бiр мезгiлде кедендiк ресiмдеу жөніндегі iс-қимылды жүзеге асыруына жол берiлмейдi. 7. Кедендiк ресiмдеу бойынша мамандардың тiзiлiмiн кеден iсi жөніндегі уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүргiзедi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|